Accessibility links

Нью-Джерсиде пойыз апатынан 1 адам қаза тауып, жүзден астамы жараланды


Нью-Джерси штатындағы станцияда болған пойыз апатынан кейінгі көрініс. АҚШ, 29 қыркүйек 2016 жыл.

Нью-Джерси штатындағы станцияда болған пойыз апатынан кейінгі көрініс. АҚШ, 29 қыркүйек 2016 жыл.

АҚШ билігінің хабарлауына қарағанда, Нью-Джерсидегі теміржол станциясында болған апаттан бір адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған.

Куәлердің айтуы бойынша, Нью-Йорктен келе жатқан жолаушылар пойызы станцияға жақындағанда жылдамдығын азайтпай, тежжегіш буферінен өтіп кеткен. Осының нәтижесінде пойыз Хобокен вокзалының ғимаратына соқтығысқан.

Оқиға орнынын түсірілген көріністерден зақымданған вагондар мен қираған ғимарат байқалады. Алдын ала мәлімет бойынша, апат кезінде пойызда 250-ге тарта адам болған.

XS
SM
MD
LG