Accessibility links

Нарымбетовтің "Аманат" фильмі "Оскар" жүлдесіне ұсынылды


"Аманат" фильмінен үзінді (Көрнекі сурет).

"Аманат" фильмінен үзінді (Көрнекі сурет).

Қазақстандық кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетовтің "Аманат" фильмі АҚШ кино өнері академиясының "Оскар" жүлдесіне "Шетел тіліндегі ең үздік фильм" категориясы бойынша үміткер ретінде ұсынылды. Бұл туралы америкалық Hollywoodreporter.com сайты хабарлады.

"Қазақстан тарихының - 19 ғасырдың ортасынан 20 ғасырға дейінгі аралығындағы үш кезеңді қамтитын драмада бұрынғы саяси тұтқын, қазақтың ұлттық батыры - Кенесары Қасымов пен оның ұлт-азаттық көтерілісі туралы арихи кітап жазғаны үшін 25 жылға сотталған Ермұхан Бекмахановтың тағдыры баяндалады" деп жазады басылым.

"Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Аманат" фильмі Қазақстанда биыл мамырда прокатқа шығарылған.

Қазақстан "Оскар" жүлдесіне бірінші рет 1992 жылы фильм ұсынған. Ал 2006 жылдан бері жыл сайын фильм ұсынады.

XS
SM
MD
LG