Accessibility links

Ақмола облысында жеке меншіктегі ірі қара малдан бруцеллез анықталған


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ақмола облысы Қорғалжың ауданында үй жануарларының бруцеллезге шалдыққаны анықталған. Бұл туралы аймақтық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясына сілтеме жасап Sputnik агенттігі хабарлайды.

Ветеринарлық бақылау мекемесінің дерегі бойынша, Амангелді ауылындағы 17 бас ірі қарадан бруцеллез белгілері табылған. Мал иелеріне ауру жануарларды сою туралы ескерту хат тапсырылып, өтемақы төлеуге уәде берілген. Ветеринарлар індет қаупі жоқ деп отыр.

Ағзаның қимыл-тірек аппаратын, жүйке жүйесін, жыныстық және өзге жүйелерін зақымдайтын бруцеллез дерті малдан адамға терідегі жара және сүт арқылы жұғуы мүмкін.

Қазақстанда биылғы жылы малда кездесетін аса қауіпті аурудың тағы бір түрі – сібір жарасының адамға жұғу оқиғалары кездескен. Елде маусым айынан тамыздың соңына дейін 19 осындай оқиға тіркеліп, ауру жұқтырған үш адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG