Accessibility links

БҰҰ Сирияда гуманитарлық жүк керуеніне жасалған шабуылды тексереді


БҰҰ туы.

БҰҰ туы.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирияда қыркүйектің 19-ы күні гуманитарлық жүк апара жатқан автокеруенге жасалған шабуылды тексеру үшін арнайы ішкі комиссия құрмақшы. Ол шабуылдан 20 адам қаза тауып, гуманитарлық жүк тиелген 18 автокөлік жойылған. Сол оқиғадан кейін Алеппо провинциясына халықаралық гуманитарлық жүк жеткізу тоқтап қалған.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сирия жанжалына қатысушы барлық тараптарды ынтымақтастыққа шақырған.

Бұған дейін АҚШ Сирия армиясын ресейлік әуе күштерінің қолдауына сүйеніп шабуыл жасағаны үшін айыптаған. Мәскеу әуе шабуылына қатысы жоғын айтады.

XS
SM
MD
LG