Accessibility links

Тәжікстандық құқыққорғаушының әйелін Бішкекте ұстағаны хабарланды


Тәжікстандық құқыққорғаушы Собир Валиев.
Тәжікстандық құқыққорғаушы Собир Валиев.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) қызметкерлері тәжікстандық құқыққорғаушы Собир Валиевтің әйелі Жанет Хамзаеваны ұстады деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі «Кылым шамы» құқыққорғау ұйымының жетекшісі Азиза Абдирасуловаға сілтеме жасап. Оның сөзінше, Хамзаеваны Бішкекке Стамбулдан ұшып келгеннен кейін қазанның 2-іне қараған түні ұстаған.

Жанета Хамзаеваның ұсталғаны туралы ақпаратты Бішкекте тұратын оның анасы Гүлнара Айталиева растаған. Жанета Хамзаева Бішкекке науқас анасының көңілін сұрауға келген.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Жанета Хамзаеваның ұсталғаны жайлы ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.

Расталмаған деректер бойынша, Варшавада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы жиынында сөйлеген Тәжікстанда танымал құқыққорғаушы Собир Валиев өз елінің үкіметін сынға алған. Ол енді Отанына қайта алмауы мүмкін деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG