Accessibility links

Ливияда нидерландылық журналисті атып кетті


Ливияның Сирт қаласында жұмыс істеп жұрген журналистер (Көрнекі сурет).

Ливияның Сирт қаласында жұмыс істеп жұрген журналистер (Көрнекі сурет).

Ливияда Нидерланд фотожурналисі Йероен Орлемансті атып кетті. Орлеманс жұмыс істеген бельгиялық Knack журналының сайтында хабарланғандай, журналисті Сирт қаласында қәсіби қызметін атқарып жүрген кезінде мерген атып кеткен. Орлеманстың қазасы туралы оның әріптесі хабарлаған. Журналистің нақты қашан қаза тапқаны белгісіз.

Орлеманс үкімет күштерінің "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресінен хабар таратқан. Нидерландының Ливиядағы елшісі Эрик Страинг Twitter-дегі аккаунтында "Бақұл бол. Сенің суреттерің мен Ливия мәңгі өмір сүреді" деп жазды.

2012 жылы Сирияның солтүстігінде Орлемансты британдық Джон Кантлимен бірге ұрлап әкетіп, бір апта тұтқында болған.

XS
SM
MD
LG