Accessibility links

Ақтөбе әкімдігі: Ninety One тобы концертінің өтпеуіне қатысымыз жоқ


Бердібек Сапарбаев "Ақтөбе ақпарат" орталығында мәлімдеме жасап отыр. Ақтөбе, 6 маусым 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Бердібек Сапарбаев "Ақтөбе ақпарат" орталығында мәлімдеме жасап отыр. Ақтөбе, 6 маусым 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облысының әкімдігі Ninety one тобы концертінің өткізілмеуіне қатысы жоғын, концертке тыйым салмағанын мәлімдеді. Әкімдік концерт топ өнер көрсетеді деп жоспарлаған "Қоныс" спорт сарайы мен топ продюсерлері "келісімге келе алмағандықтан" болмай қалғанын айтады.

Жастардың Ninety One бойз-бэнд тобы 30 қыркүйекте Ақтөбеде концерт өткізбек болып, билет сата бастаған. Бірақ концерт өтпей қалған. Концертке бірнеше күн қалғанда өздерін "шығармашылық интеллигенция өкілдеріміз" деп атаған ақтөбелік ондаған жас тұрғын оны өткізбеуді талап еткен. Олар топ құрамындағы жас жігіттердің шаштарын түрлі-түсті етіп бояп, құлақтарына сырға таққанына және боянғанына қарсылық білдірген.

Әкімдік концерт ұйымдастырумен айналысатын жеке компаниялардың және ірі концерттерге залдарды жалға берушілердің, олардың арасындағы келісім-шарттарының міндеттемелерін реттеуге араласпайтынын айтады.

Облыс әкімдігі таратқан ақпаратта "Қоныс" спорт сарайының иесі Талғат Баймашевтің комментариі берілген. "Арамызда келісім-шарт бекітілген жоқ. Спорт сарайында әлем чемпионатына дайындыққа байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкімшілер бұған көздерін жеткізді. Бұл «Қоныс» сарайы әкімшілері және продюсерлер арасындағы жеке қарым-қатынас" деген Талғат Баймашев.

XS
SM
MD
LG