Accessibility links

Германияда ауған босқыны пышақ жарақатынан қаза болды


Берлин полицейлері (Көрнекі сурет).

Берлин полицейлері (Көрнекі сурет).

Германияда Ауғанстаннан шыққан 18 жастағы босқын пышақтан жарақаттанып қаза болды. Аты-жөні айтылмаған ол босқынды өзге бір босқын пышақтаған. Мигранттарды орналастыру орталығының хабарлауынша, оқиға Берлин түбіндегі Людвигсфельд қаласында 2 қазан күні кешке болған.

Полицияның ақпаратына қарағанда, жас жігіт жарақатынан ауруханаға алып бара жатқан жолда көз жұмған. Күдікті ұсталған. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен қаза тапқан адам бір-бірімен таныс болған. Қылмысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG