Accessibility links

Алматы әуежайында жолаушылар мен әуежайға келгендерді эвакуациялады деп хабарлайды жергілікті агенттіктер. Жолаушылар терминалынан адамдар сыртқа шығарылған.

Эвакуация халықаралық рейс жолаушысынан тыйым салынған зат табылуына байланысты жасалған. Тексеру кезінде жолаушылардың бірінен 100 миллилитр шамасындағы ртуть табылған. Агенттіктер жолаушы банкіге құйылған затты қоқыс жәшігіне төге салған соң эвакуация жасалған дейді.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар жөніндегі комитет қызметкерлері барған.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG