Accessibility links

Қазақстан жағажайдағы Азия ойындарында 12-орын алды


Жағажайдағы Азия ойындарында екі алтын алған Виталий Худяков (Сурет Қазақстан су спорты федерациясының сайтынан алынды).

Жағажайдағы Азия ойындарында екі алтын алған Виталий Худяков (Сурет Қазақстан су спорты федерациясының сайтынан алынды).

Вьетнамның Дананг қаласында жағажайдағы Азия ойындары аяқталды. 32 спортшы апарған Қазақстан үш алтын, бес күміс, төрт қола медальмен жалпы есепте 12-орын алды.

5 және 10 километр қашықтыққа жүзуде Виталий Худяков екі алтын алып, су добынан Қазақстан ерлер құрамасы чемпион атанды.

Бұдан бөлек, Қазақстан спортшылары муайтайдан үш, самбодан екі күміс медаль иеленді. Қоланы жағажай волейболы, муайтай, ашық суда жүзуден жарысқа түскен спортшылар алды.

Жалпы есепте 52 алтын иеленген Вьемтнам бірінші, 36 алтын жеңген Таиланд екінші, 12 алтын еншілеген Қытай үшінші орын алды.

Жағажайдағы Азия ойындары әр екі жыл сайын ұйымдастырылады. 2014 жылы Пхукетте ұйымдастырылған жағажайдағы Азия ойындарда Қазақстан 8 алтын, 9 күміс, 10 қоламен жалпы есепте 6-орын алған.

Келесі жағажайдағы Азия ойындары 2018 жылы өтеді. Ойындар қай елде өткізілетіні әзірге белгісіз.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG