Accessibility links

Түркия төтенше жағдай мерзімін ұзартпақ


Мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін айыптаған демонстрация. Анкара, 16 шілде 2016 жыл.
Мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін айыптаған демонстрация. Анкара, 16 шілде 2016 жыл.

Түркия вице-премьері Нуман Куртулмуштың сөзіне қарағанда, билік шілдеде сәтсіздікке ұшыраған мемлекеттік төңкеріс әрекетінен соң енгізген төтенше жағдай мерзімін үш айға ұзарту жайлы шешім қабылдаған.

Үкімет жиынынан соң журналистермен сөйлескен Куртулмуш төтенше жағдайды ұзарту мерзімі 19 қазанда күшіне енетінін айтты.

Төтенше жағдай бірінші рет 20 шілдеде - 270-тен астам адам қаза тапқан мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен соң бес күннен кейін жарияланған.

Түркия "бүлікке АҚШ-та тұрып жатқан дін қайраткері Фетхулла Гүленнің қатысы бар" дейді. Гүлен ол айыптауды жоққа шығарады. Шілдеден бері Түркияда 32 мыңға тарта адам тұтқындалып, мыңдаған адам "бүлікке қатысы бар болуы мүмкін" деген күдікпен жұмыстан шығарылды.

XS
SM
MD
LG