Accessibility links

Эстонияда алғаш рет әйел президент болып сайланды


Керсти Кальюлайд, Эстонияның жаңа сайланған президенті.
Керсти Кальюлайд, Эстонияның жаңа сайланған президенті.

Эстония парламенті бірінші рет әйел үміткер Керсти Кальюлайдты ел президенті етіп сайлады. Еуропа аудиторлар сотының бұрынғы мүшесі, 46 жастағы Керсти Кальюлайдті парламенттегі 101 депутаттың 81-і қолдап дауыс берді.

Кальюлайд қазіргі президент Тоомас Хендрик Ильвестің орнына сайланып отыр. Кальюлайд Ильвестің Балтық бойы елдерінде НАТО-ның әскери әлеуетін күшейту және Украинадағы қақтығысқа байланысты Ресейге салынған санкцияларды күшінде қалдыру ұстанымын қолдайды.

Эстонияда президенттің құзыреті шектеулі.

XS
SM
MD
LG