Accessibility links

Назарбаев пен Путин бүгін Астанада кездеседі


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 9 мамыр 2016 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 9 мамыр 2016 жыл.

Бүгін Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға келді. Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Путин Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, Еуразия экономикалық одағы мен басқа да аймақтық бірлестіктер аясындағы екі ел қарым-қатынасы мен интеграциялық байланыстары мәселелерін талқыламақ.

Келіссөзден соң Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин он үшінші Қазақстан-Ресей өңіраралық бизнес-форумына қатысады.

3 қазанда басталған форум "Еуразия кеңістігінің транспорттық-логистикалық әлеуетін арттыру" тақырыбында өтіп жатыр.

XS
SM
MD
LG