Accessibility links

Жерорта теңізінде бір күнде 6 мыңнан астам мигрант құтқарылды


Ливия жағалауынан Еуропаға қайықпен шыққан мигранттар. Тамыз 2016 жыл (Көрнекі сурет)

Ливия жағалауынан Еуропаға қайықпен шыққан мигранттар. Тамыз 2016 жыл (Көрнекі сурет)

Жерорта теңізінде Еуропаға бет алған 6 мың 55 мигрант құтқарылды. Италия жағажай күзеті қызметінің хабарлауынша, бұрын-соңды бір күнде 39 қайыққа мінген осыншалықты көп мигрантты құтқару операциясы болмаған.

Ливия жағалауы мен Италияның Сицилия аралы арасындағы аймақта болған құтқару операциясында кем дегенде тоғыз мигрант құрбан болған. Бір жүкті әйел мен бала тікұшақпен Лампедуза аралындағы ауруханаға жеткізілген.

Жағажай күзетінің кемесі бір ғана резеңке қайыққа мінген 725-ке жуық мигрантты құтқарған. Жалпы бір күнде 20 құтқару операциясы болған. Құтқаруға жағажай күзеті, әскери-теңіз флоты және гуманитарлық ұйымдардың 10-ға жуық кемесі тартылған. Құтқару жұмыстарыныың көбі Ливия жағалауынан шамамен 50 шақырымға дейінгі аралықта болған.

3 қазанда Лампедуза аралына бара жатқан мигранттар қайығының суға кетіп, 386 адамның қаза болғанына үш жыл толған. Соған орай Лампедузада еске алу маршы өткен.

Халықаралық миграция ұйымының дерегінше, жыл басынан бері Италияға 132 мыңға жуық мигрант келген және 3 мың 54 адам жолда қаза болған.

XS
SM
MD
LG