Accessibility links

Назарбаев: Ресеймен 27 миллиард доллардың келісімдеріне қол қоямыз


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин кездесуде. Астана, 4 қазан 2016 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин кездесуде. Астана, 4 қазан 2016 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада бүгін Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Ресми БАҚ-тың хабарлауынша, кездесуде Назарбаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Ресей өңіраралық бизнес-форумында құны 27 миллиард долларды құрайтын екіжақты 40 келісімге қол қойылатынын айтқан. Форумға екі елден 900 бизнесмен жиналған.

Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас "стратегиялық әріптестік және одақтастық сипатында" екенін айтқанымен, "шынайы жағдайлармен байланысты белгілі бір проблемалар барын" да білдірген.

"Бұл жағдаяттар сауда-экономикалық айналымға аздаған өзгеріс жасап отыр. Біз бұған жауап беріп, бұл құбылысты азайту жолдарын іздеуіміз керек" деген Путин.

XS
SM
MD
LG