Accessibility links

Мәскеу АҚШ-ты Сирия туралы шешімін "ақылға салып көруге" шақырды


Мария Захарова, Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.
Мария Захарова, Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Ресей қорғаныс министрлігі АҚШ-тың Мәскеумен Сирия мәселесі бойынша ынтымақтастықты тоқтату туралы шешіміне өкініш білдіріп, бұл қадамын "ақылға салып көруге" шақырды.

Мәскеу Вашингтонның бұл қадамынан Сирия билігін ауыстыру үшін "террористермен одақтас болуға дайындық" деп қарастырады. "АҚШ сайтандармен келісім жасасуға әзір" делінген министрлік мәлімдемесінде.

3 қазанда АҚШ билігі Ресеймен Сирия қақтығысын тоқтату жөніндегі екіжақты ынтымақтастық тоқтататынын жария еткен. АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейді Сириядағы бітімге жәрдемдесу және қоршаудағы қалаларға гуманитарлық көмектің тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету туралы қыркүйекте қол қойылған келісім шарттарын орындамады деп мәлімдеген.

Ресей мен АҚШ қыркүйектің ортасында Сириядағы соғысушы тараптар арасындағы бітім шарты туралы уағдаластық жасаған. Бірақ бір аптадан соң - АҚШ бастаған коалиция Сирия үкіметі әскеріне әуеден шабуыл жасаған соң бітім бұзылған. Бұдан соң гуманитарлық жүк тиеген көліктер керуеніне шабуыл жасалып, Батыс елдері оған Ресейді айыптаған.

Одан кейінгі күндері Сирия армиясы мен Ресей авиациясы бір бөлігін Башар Асадқа қарсы көтерілісшілер бақылап тұрған Алеппоға шабуылдай бастаған. Әуе шабуылдарынан көбіне бейбіт тұрғындар қаза тауып жатыр. Мәскеу әуе шабуылдарын экстремистердің шептеріне жасалып жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG