Accessibility links

Павлодарда кафеге келгендерді соққыға жығу оқиғасы тексеріліп жатыр


Күзетшілердің кафеге калген масаң адамдарды соққыға жықты делінген видеосынан скриншот.

Күзетшілердің кафеге калген масаң адамдарды соққыға жықты делінген видеосынан скриншот.

Павлодарда жеке күзет агенттігінің күзетшілері кафеге келген масаң адамдарға күш қолданды. Бұл туралы видео интернетте тарап, қызу талқы тудырды.

Видеода арнайы форма киген адамдардың масаң адамдарды ұрып, тепкілегені көрінеді. Формадағы адамдар ер адамдардың бірін қол-аяғымен ғана емес, автоматының дүмімен де қойып қалады. Павлодар кафелерінің біріндегі оқиға кеше кешке болған. Соққыға жыққан "Элекор Күзет" фирмасының күзетшілері екені де анықталды.

Павлодар облыстық ішкі істер департаменті Азаттыққа бұл факт бойынша "бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын айтты. Екі күзетші ұсталған.

"Элекор Күзет" агенттігі жетекшілерінің бірі Красаевтің айтуына қарағанда, оларға 3 қазанда сағат 22:20-да қоңырау түсіп, кезекші топ оқиға орнына барған. Қоңырау шалуға кафе қонақтарының тамағы үшін ақша төлемей кетуі себеп болған. Бұдан соң күзетшілер оларды қайтарып әкеліп, қонақтар ақшаларын төлеген. Красаев бірақ кейін қонақтар "өздерін дөрекі ұстаған" дейді.

- Қызметкеріміз оларды Камзин - Ломов көшелерінің қиылысында қуып жетіп, ұстап әкелді. Олар ақша тауып, төледі. Бірақ сол жерде адамдарымызды арандата бастаған. Автоматын тартып алу әрекеті де болып, төбелес болған. Әрине, біз өз құзыретімізді асыра пайдаландық, - деді Красаев.

Күзет агенттігінің басшылығы соққыға жыққан қызметкерлері жазаланатынын мәлімдеді. Жанжал болған кафе басшылығы күзет қызметін шақырғанын, оқиғаның ары қарайғы барысына араласпағанын айтып, ресми комментарий беруден бас тартты.

Жанжал тудырған тамаққа төленетін ақша 17 мың теңге шамасында болған.

XS
SM
MD
LG