Accessibility links

Астаналық үлескерлер мемлекеттен мәселелерін шешуде көмек сұрады


«Магистральный», «Жеті жол-2010», «Монблан» тұрғын үй кешендерінің үлескерлері мен "Азбука жилья" құрылыс компаниясының өкілдері баспасөз жиынын өткізіп отыр. Астана, 4 қазан 2016 жыл.

«Магистральный», «Жеті жол-2010», «Монблан» тұрғын үй кешендерінің үлескерлері мен "Азбука жилья" құрылыс компаниясының өкілдері баспасөз жиынын өткізіп отыр. Астана, 4 қазан 2016 жыл.

Астанадағы «Азбука жилья» құрылыс компаниясы мен «Магистральный», «Жеті жол-2010», «Монблан» тұрғын үй кешендерінің үлескерлері және Қазақстандағы үлескерлер қауымдастығы өз мәселелерін шешу үшін мемлекеттен көмек сұрады. Бұл туралы олар Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты. Олар бірнеше жылдан бері құрылыс тоқтап тұрған үйлердің мәселесіне президент араласып, мемлекет ақша бөлсе дейді.

Үлескерлер қауымдастығының мүшесі Жанғозы Бакибаев бүгінге дейін «Азбука жилья» құрылыс компаниясының алданған 13 үлескері президент және ұлттық экономика министрлігінің атына өтішін түсіргенін айтты.

Үлескерлер ел президентінен мемлекеттен қаржы бөлуді және Астанадағы барлық проблемаға айналған құрылыс нысандарының аяқталуын бақылайтын мемлекеттік ұйым құруды сұрайды.

XS
SM
MD
LG