Accessibility links

Шарапованы жарыстан шеттету мерзімі азайтылды


Мария Шарапова, ресейлік теннисші.

Мария Шарапова, ресейлік теннисші.

Ресейлік теннисші Мария Шараповаға допинг дауына байланысты жарысқа қатысуына салынған тыйым мерзімі екі жылдан 15 айға дейін азайтылды. Спорттық арбитраж соты спортшы келесі жылы сәуірде French Open жарысы басталатын кезде кортқа қайта оралуына болады деген шешім шығарды.

Қаңтарда Australian Open жарысы кезінде Шараповадан алынған сынамадан сол кезде тыйым салынған мельдоний препараты табылған. Маусымда "Үлкен шлем" турнирінің бес мәрте жеңімпазы, бір кездері әлемдік рейтингтің басында тұрған Шарапова апелляциялық шағым берген. Ол мельдонийді қолданғанын, бірақ препаратқа 2016 жылдың басында тыйым салынғанын білмегенін айтқан.

Шарапованың екі жылға дейін жарысқа қатысуына тыйымды Халықаралық теннис федерациясы салған. Женевадағы сот 4 қазанда Шарапова сынамасы оң нәтиже көрсеткені үшін "ішінара айыпты" деп, 15 айға жарыстан шеттетуді лайықты жаза деп тапты.

XS
SM
MD
LG