Accessibility links

АҚШ вице-президенттігіне кандидаттардың дебаты өтіп жатыр


Тим Кейн (сол жақта) мен Майк Пенс дебат кезінде. Фармвиль, Вирджиния, АҚШ, қазан жыл.
Тим Кейн (сол жақта) мен Майк Пенс дебат кезінде. Фармвиль, Вирджиния, АҚШ, қазан жыл.

АҚШ-та бүгін вице-президент қызметіне Демократиялық партия үміткері Тим Кейн мен республикашыл Майк Пенс арасында дебат өтіп жатыр. Дебат Вирджиния штатының Фармвиль қаласындағы Лонгвуд университетінде өтіп жатыр.

Вирджиниядағы соңғы сауалнама қорытындысы Демократиялық партиядан президентікке кандидат Хиллари Клинтонның бәсекелесі Дональд Трамптан жеті пайыз дауыспен басым тұрғанын көрсетеді. Бұл вице-президенттікке демократтар кандидаты Тим Кейн үшін аз да болса қолайлы болмақ. Бірақ дебат қарсаңында Фармвиль қаласы маңындағы жолдарда Республикашыл партия кандидаты Дональд Трамп пен оның серігі Майк Пенсті қолдаған плакаттар қаптатып ілінген.

Демократтар мен республикашылдардың вице-президенттікке кандидаттарының бәсекелестігі шиеленісті болайын деп тұр. "Америка даусы" радиосының хабарлауынша, екі кандидаттың да мүмкіндігі бірдей.

XS
SM
MD
LG