Accessibility links

Астана АҚШ пен Ресейді Сирия жөніндегі келіссөзді жалғастыруға шақырды


Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстан сыртқы істер министрлігі, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстан сыртқы істер министрлігі АҚШ пен Ресейдің Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі келіссөзді тоқтататынына "қатты өкінетінін" мәлімдеді.

3 қазанда АҚШ Ресеймен Сириядағы жанжалды реттеу жөніндегі келіссөзді тоқтататынын мәлімдеп, Ресейді қақтығысты тоқтату туралы келісім аясында өзіне алған міндеттемелерін орындамады деп айыптаған.

Министрліктің бүгін ресми сайтында жарияланған мәлімдемесінде "жағдайдың бұлай өрбуі қантөгістің жалғасуына және адам өлімінің артуына әкеліп соқтыратыны" айтылған.

"Сирия халқының қасіретін азайтып, гуманитарлық дағдарыстың дендеуінің алдын алу үшін келіссөзді тезірек қайта қайта бастауға шақырамыз" делінген министрлік мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG