Accessibility links

Астанада жолаушылар тасымалы басқармасының бұрынғы басшысы сотталды


Астана қаласының Алматы аудандық соты (Көрнекі сурет).

Астана қаласының Алматы аудандық соты (Көрнекі сурет).

Астана соты қалалық жолаушылар тасымалы басқармасының бұрынғы бастығы Еділ Сүлейменовті "пара алды" және "кәсіпкерлікпен заңсыз айналысты" деп айыптап, алты жылға соттады.

Алматы аудандық 2-сотының үкімі бойынша, Сүлейменовтің кәсіпкерлікпен айналысуына және мемлекеттік қызметте істеуіне өмір бойына тыйым салынды. Сот Сүлейменовтің дүние-мүлкін тәркілеп, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге үкім кесті.

Еділ Сүлейменов биыл шілденің соңында ұсталған. Ол "екі миллион теңгеден астам пара алды" деп айыпталған. Сүлейменов жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы болып өткен жылдың қарашасында тағайындалған.

XS
SM
MD
LG