Accessibility links

Алматы облысында Зуқа батырдың 150 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр


Зуқа батыр Сәбитұлының туғанына 150 жыл толуына арналған ақындар айтысының баннері. Алматы, 5 қазан 2016 жыл.
Зуқа батыр Сәбитұлының туғанына 150 жыл толуына арналған ақындар айтысының баннері. Алматы, 5 қазан 2016 жыл.

Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қырғауылды ауылында Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерей тойы атап өтіліп жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Биыл қаңтарда Түркияның Стамбул қаласында басталған мерейтой Австрия, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей және Қытайда атап өтілген болатын. Қазақстанда қорытынды ретінде өткізіліп жатқан шара барысында ақындар айтысы айтысы өтіп, мерекелік концерт қойылып жатыр.

1929 жылы Қытай үкіметінің қолынан қаза тапқан Зуқа батыр қазіргі Қытайға қарасты Алтай өңірінде азаттық үшін күрескен. Зуқа батырдың әділеттілігіне қатысты ел арасында «Зәбір көрсең Зуқаны ізде» деген сөз кеңінен таралған.

Зуқа батыр Сәбитұлы 1866 жылы шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданына қарасты Кендірлік деген жерде дүниеге келіп, 15-16 жасында белгісіз себептермен Қытайдың Алтай аймағына қоныс аударған. Ескіше сауат ашқан ол Қытай жерінде әділетсіздікке қарсы шығып, соның салдарынан қуғынға ұшыраған.

2016 жылы қаңтар айында басталған мерейтой шаралары әлемнің 12 елінде атап өтілді. Қазақстанда өтіп жатқан шараға батырдың Еуропаның бірнеше қаласында тұратын ұрпақтары келді.

XS
SM
MD
LG