Accessibility links

ЕО Грузиямен визасыз режим келіссөзін бастайды


ЕО туы (Көрнекі сурет).
ЕО туы (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің елшілері Еуропа кеңесі мен Еуропа парламенті арасында Грузиямен визасыз қарым-қатынас жасау келіссөзін жүргізуге рұқсат берді. Бұл шешім 5 қазан күні Германия келіссөзді бастауға келіскен соң қабылданды. Мұның алдында Берлин Германиядағы грузин азаматтары жасайтын қылмыстың күрт көбейгенін айтып, қарсылық білдірген.

Грузиямен келіссөз жүргізу туралы уағдаластыққа Еуропа кеңесі мен Еуропа парламенті ЕО-ның өзге елдермен визасыз байланыс режимін тоқтатуды жеңілдететін тетіктеріне келіскен соң қол жетті.

Еуропа кеңесіне биыл төрағалық етіп отырған Словакия дипломаттары 6 қазанда Еуропа парламенті өкілдерімен кездеседі. Келіссөз бірнеше аптаға созылуы мүмкін.

Грузиямен визасыз режим Еуропа парламенті мен Еуропа Одағына мүше елдер толығымен келісім берген соң орнатылуы мүмкін деп болжанып отыр.

XS
SM
MD
LG