Accessibility links

Ресей соты "Болотный ісіндегі" екі белсендіні қудалау материалдарын жойды


"Болотный ісі" бойынша айыпталған белсенділер Илья Гущин (солдан оңға қарай), Александр Марголин және Алексей Гаскаров сотта тұр. Мәскеу, тамыз 2012 жыл.

"Болотный ісі" бойынша айыпталған белсенділер Илья Гущин (солдан оңға қарай), Александр Марголин және Алексей Гаскаров сотта тұр. Мәскеу, тамыз 2012 жыл.

Ресей жоғарғы соты 5 қазанда 2012 жылы мамырда Мәскеудің Болотный алаңындағы қарсылық шеруіне шыққан екі белсенді - Илья Гущин, Артем Савеловты тұтқындау, қамау, соттау және жазалау материалдарын жойды.

Сот мұндай шешімді өткен айда Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты (ЕАҚС) белсенділер Илья Гущин, Артем Савелов және Леонид Ковязинді қамау заңсыз болған деп тапқан соң шығарып отыр.

ЕАҚС үш белсендіге 3000 еуроға дейін (3360 доллар) қаржылай өтемақы төлеген.

Болотный алаңындағы наразылық пен тәртіпсіздікке байланысты 400-ден астам ұсталып, ондаған адам сотталған.

2014 жылы ақпанда аталған үш белсенді мен өзге бес демонстрант бұзақылық жасады деп айыпталып, сотталған. Олардың кейбірі кейін босатылған.

Гущин мен Савеловтың жаза мерзімі ендігі аяқталған.

"Болотный ісі" бойынша қылмыстық іс 2012 жылы 6 мамырдағы "Миллиондар маршы" биліктің мәлімдеуінше "жаппай тәртіпсіздікпен" аяқталған соң қозғалған. Қазір бұл іс бойынша 30-дан астам адам қамауда отыр. Құқық қорғаушылар "Болотный ісінің" саяси астары бар деп санап, ол бойынша сотталғандарды "саяси тұтқындар" деп таныған.

XS
SM
MD
LG