Accessibility links

Керри "Талибанды" Кабулмен бейбіт келісім жасауға шақырды


Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы. Брюссель, 5 қазан 2016 жыл.

Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы. Брюссель, 5 қазан 2016 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри "Талибанды" таяуда Кабулмен бейбіт келісім жасасқан дала командирі Гулбуддин Хекматиярдан үлгі алып, ауған билігімен жеке бейбіт келісімін жасауға шақырды.

Қазанның 5-і күні Брюссельде Ауғанстанның халықаралық донор елдерінің конференциясында сөйлеген Керри «Талибан" бастаған жанжалды тоқтатудың бір ғана жолы бар" деді.

Керри өткен айда "Хезб-и-Ислами" радикалдық исламшыл тобының басшысы, 1990-шы жылдары Ауғанстандағы азамат соғысының командирі Гулбуддин Хекматиярдың жасаған бейбіт келісімін "іске асуы мүмкін" жол деп атады.

Джон Керри бейбіт келісім - "Талибан" үшін соғысты аяқтаудың, тұрақтылық орнатудың және "халықаралық әскери күштер санын толық қысқартудың" жалғыз жолы екенін айтады.

XS
SM
MD
LG