Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы болуға Гутеррештің мүмкіндігі көбі айтылды


Антонио Гутерреш.

Антонио Гутерреш.

Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антонио Гутерреш - БҰҰ бас хатшысы қызметіне сайлану мүмкіндігі ең жоғары кандидат деп хабарлайды дипломатиялық дереккөздерінің мәліметі.

Қазанның 5-і күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде алтыншы рет өткен құпия дауыс беруде Гутерреш толық қолдауға ие болған. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесінің бір де бірі оның кандидатурасына вето қоймаған. Бұған дейінгі бес дауыс беруде де Гутерреш алда болған.

Қауіпсіздік кеңесіне мүше 15 мемлекет 6 қазанда шартты түрде дауыс беріп, оның қорытындысы бойынша БҰҰ Бас ассамблеясына ұсыныс жасалады. Бас ассамблея да жаңа бас хатшының кандидатурасын түпкілікті бекіту үшін дауыс беру өткізеді.

БҰҰ-ның қазіргі бас хатшысы Пан Ги Мунның бес жылдық өкілетті мерзімі 2016 жылдың соңында аяқталады.

XS
SM
MD
LG