Accessibility links

Шымкентте халықаралық туризм форумы өтіп жатыр


Шымкетте өтіп жатқан "Ontustik Tourism-2016" халықаралық туризм форумы. 6 қазан 2016 жыл.

Шымкетте өтіп жатқан "Ontustik Tourism-2016" халықаралық туризм форумы. 6 қазан 2016 жыл.

Бүгін Шымкентте "Ontustik Tourism - 2016" халықаралық форумы басталды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, форумға қазақстандық мамандармен бірге жеті шет мемлекеттің туризм саласының 300-ге жуық маманы қатысып жатыр.
Форумда туризмді дамыту үшін өңірге инвестиция тарту, инфрақұрылымдыы дамыту, туристердің құқығын қорғау жəне қауіпсіздігін сақтау, оларға қызмет көрсету сапасын арттыру мəселесі талқыланып жатыр.

Инвестиция жəне даму министрлігінің өкілі Марат Игалиевтің айтуына қарағанда, өткен жылы Қазақстанға 3 миллионға жуық турист келіп, туристер саны 4 пайызға артқан. Ол туризм саласын дамыту үшін Қытайдан туристер тартуға, олардың сұранысына қарай бейімделуге шақырды.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG