Accessibility links

Словакияның алғашқы президенті Михал Ковач көз жұмды


Словакияның алғашқы президенті Михал Ковач (оң жақта) Ресейдің алғашқы президенті Борис Ельцинмен келісімге қол қойып отыр.

Словакияның алғашқы президенті Михал Ковач (оң жақта) Ресейдің алғашқы президенті Борис Ельцинмен келісімге қол қойып отыр.

Словакияның тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы президенті Михал Ковач қайтыс болды. Ковач Словакияны Чехословакия ыдыраған1993 жылдан 1998 жылға дейін басқарған. 86 жастағы Михал Ковач 5 қазанда жүрек талмасынан көз жұмған.

Экс-президенттің көз жұмғанын TASR агенттігіне оның туыстары растаған. Ковач Паркинсон дертіне шалдыққан және өмірінің соңғы кездері бірнеше рет ауруханаға түскен.

Ковач президент болып тұрғанында бәсекелесі, премьер-министр Владимир Мечьярді "демократияға қарсы жұмыс істеді" деп сынаған. Оның пікірінше, мұның салдарынан Словакия халықаралық оқшаулануға ұшыраған.

Словакияның қазіргі президенті Андрей Киска Facebook-те Ковач Словакия үшін "аяусыз және қатаң" кезеңде президент болды деп жазды.

XS
SM
MD
LG