Accessibility links

Парламент Ұлттық қордан бөлінетін трансфертті азайтуды мақұлдады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Парламент сенаты бүгін пленарлық отырысында "2016-2018 жылдардың республикалық бюджеті туралы" заңға өзгерістер мен толықтыруларды және Ұлттық қордан республикалық бюджетке бөлінетін кепілдендірілген трансфертті азайтуды мақұлдады.

Бұған дейін ұлттық экономика министрлігі "республикалық бюджет кірісінің күткендегіден асып түсуінен және Ұлттық қор қаржысын сақтау үшін" трансфертті үш триллион 880 миллиард теңгеден екі триллион 479,7 миллиард теңгеге дейін азайтылатынын мәлімдеген.

Ұлттық экономика министрлігінің болжамынша, ел бюджетіне 413 миллиард теңге "салалардың жақсы дамуы әсерінен" түспек.

Қыркүйектің басында президент Нұрсұлтан Назарбаев кепілдендірілген трансферт көлемін азайтып, 400 милилард теңгені Ұлттық қорда қалдыруға тапсырма берген. Ол трансферт көлемін азайтуға "мүмкіншілік жеткілікті" екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG