Accessibility links

АҚШ-та "құпия технологияны экспорттаған" ресейліктер ұсталды


АҚШ туы (Көрнекі сурет).
АҚШ туы (Көрнекі сурет).

АҚШ-та бір америкалық пен екі ресейлік Ресейге құпия әскери технологияны заңсыз экспорттады деген күдікпен тұтқындалды. АҚШ әділет министрлігінің хабарлауынша, Нью-Йорк тұрғыны, АҚШ азаматтығын алған Алексей Барышеф бақылаудағы технологияны заңсыз экспорттады деген күдікпен, ресейлік Дмитрий Карпенко мен Алексей Крутилин Барышевпен сөз байласқан деген күдікпен ұсталды.

Үкімет үш күдікті АҚШ-тағы микроэлектроника өндірушілер мен оны жеткізушілермен тауарды алып, оларды үкіметтің жоғары технологиялық тауарларды экспорттау тыйымын айналып өтіп, Ресейге экспорттауға сөз байласқан дейді.

Егер айыпты деп танылса, ұсталғандар 25 жылға дейін сотталып, 1 миллион доллар айыппұл салынуы мүмкін.

АҚШ елдің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін дейтін тауарларды экспорттауға тыйым салады.

Әділет министрлігі Ресейге жөнелтілген микроэлектроника заттары арасында әскери техникаларда, оның ішінде радиолокациялық және зымыран қозғалысын бақылау жүйелерінде көп қолданылатын цифрлық конвертерлер мен интегралды жүйелер бар дейді. Министрлік мәліметінше, Барышеф тыйым салынған технологияны сатып алып, экспорттау үшін Нью-Йоркте жалған екі компания тіркеп, өндіруші компаниялардан тауардың қайда жөнелтетінін жасырып келген.

XS
SM
MD
LG