Accessibility links

Алматыда дүниежүзі қазақ жастарының өнер фестивалі өтіп жатыр


Дүниежүзі қазақ жастарының өнер фестиваліне қатысушылар. Алматы, 7 қазан 2016 жыл.

Дүниежүзі қазақ жастарының өнер фестиваліне қатысушылар. Алматы, 7 қазан 2016 жыл.

Алматыда дүниежүзік қазақ жастарының өнер фестивалі өтіп жатыр. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, фестиваль Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтіп жатыр. Фестивальде жазба ақындардың мүшәйрасы, термешілер сайысы және сурет көрмесі өткізіліп жатыр. Фестивальге негізінен Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Түркия және Ресейде тұратын қазақ жастары келген.

"Алматы - тәуелсіздіктің алтын бесігі" деп аталатын фестивальге жалпы саны 20 мемлекеттен 50-ге жуық қазақ жастары қатысып жатыр. Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушыларды ақшалай марапаттау қарастырылған.

Фестиваль аяқталған соң бүгін кешке қарай гала-концерт өтпек. Шараны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйымдастырған.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG