Accessibility links

Ресей: Ингушетияда күдікті содырлардың көзі жойылды


Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағының картасы (Көрнекі сурет).
Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағының картасы (Көрнекі сурет).

Ресейдің терроризмге қарсы ұлттық комитеті Солтүстік Кавказдағы Ингушетия республикасында болған терроризмге қарсы операцияларда "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына мүше деген күдікті бір мүшесі мен өзге күдікті бес содырдың көзі жойылғанын хабарлады.

Комитет мәліметінше, күдікті содырлар 7 қазанда Гази-Юрт ауылы мен Ингушетияның ең ірі Назран қаласында мерт болған. Олардың бірінің аты-жөні Сирияда ИМ жағында соғысып, таяуда оралған Забаири Саутиев делінеді.

Терроризмге қарсы ұлттық комитет Саутиев Ингушетияға аймақта террористік әрекеттерге басшылық жасау үшін келген дейді. Комитет дерегіне қарағанда, операциядан қауіпсіздік қызметінің өкілдері мен бейбіт тұрғындар зардап шекпеген.

Солтүстік Кавказдың мұсылмандар көп тұратын Ингушетия, Шешенстан, Дағыстан және Кабардино-Балқар аймақтарында арнайы операция жиі болады.

Солтүстік Кавказдағы исламшыл содырлар мен қылмыстық топтар негізінен Ресей әскерилеріне, жергілікті билік өкілдеріне және консервативтік дін қызметкерлеріне шабуылдайды.

XS
SM
MD
LG