Accessibility links

Нобель бейбітшілік сыйлығы Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантосқа берілді


Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос

Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантос

2016 жылғы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантосқа берілді. Сантосқа сыйлық оның көтерілісшілердің ФАРК ұйымымен келісім жасап, 52 жылға созылған соғысты аяқтаудағы қызметі үшін берілді.

Норвегиядағы Нобель сыйлығын тағайындау комитеті Сантостың ФАРК тобымен төрт жыл келіссөз жүргізіп, өткен айда бейбіт келісім жасасқанын мақтады. Дегенмен, өткен жексенбіде өткен референдумда колумбиялықтардың көпшілігі келісімге қарсы дауыс берген. Сантос келісімді жетілдіруге жұмыс істеуге уәде берген.

"Сыйлық сонымен қатар Колумбия халқына деген құрмет ретінде де қарастырылуы тиіс" деді Нобель сыйлығы комитетінің төрағасы Качи Куллман. Ол сайлаушылар келісімге "жоқ" деп дауыс берсе де, бейбіт процеске қарсы дауыс бермегенін айтты. Комитет референдум нәтижесі "бейбіт процесс аяқталды дегенді білдірмейтінін" айтты.

1962 жылы шаруалар көтерілісі ретінде басталған Колумбиядағы азамат соғысынан 260 мыңға тарта адам құрбан болып, ел ішінде алты миллионнан астам адам босып кеткен.

Хуан Мануэль Сантос көтерілісшілермен келіссөзді жалғастыра беретінін мәлімдеді. Келісімді сынайтындар онда көтерілісшілерге тым көп жеңілдік жасалды дейді.

XS
SM
MD
LG