Accessibility links

Ресей: Сібірде "Таблиғи Жамағаттың" күдікті мүшесі ұсталды


Ресей арнайы қызмет қызметкерлері (Көрнекі сурет).
Ресей арнайы қызмет қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) Сібірде тыйым салынған исламшыл топ бөлімшесін құрмақ болды деген күдіктіні ұстағанын мәлімдеді.

ФСБ 7 қазандағы мәлімдемесінде күдікті 2015 жылдың мамырында Қазақстанмен шектесетін Алтай өлкесінің әкімшілік орталығы Барнауылда намазхана ашқаны айтылады. Арнайы қызмет мәліметінше, күдікті Ресейде тыйым салынған "Таблиғи Жамағат" тобының ілімін насихаттаған.

Күдіктіге азаматтарды экстримистік топ құрамына кіруге үгіттеді деген айып тағылып отыр.

Ресейде және Орталық Азияның көп мемлекетінде "Таблиғи Жамағат" ұйымының қызметіне ресми турде тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG