Accessibility links

Атамқұлов қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болды


Астанадағы Ақорда ғимараты (Көрнекі сурет).
Астанадағы Ақорда ғимараты (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған Бейбіт Атамқұловты жаңадан құрылған қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы етіп тағайындады.

Президент Назарбаев қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін құру туралы 6 қазанда жарлық шығарған.

Қазақстан президентінің ресми вебсайтында шыққан ақпаратқа сәйкес, жаңа министрліктің қызметі "қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік)" салаларын қамтиды. Мекеменің негізгі басшылық бағыттары "бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау" деп көрсетілген.

Жаңа министрліктің құрамына қорғаныс министрлігінен – қорғаныс өнеркәсібі саласындағы, инвестициялар және даму министрлігінен – ғарыш қызметі саласындағы, ұлттық экономика министрлігінен – жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы өкілет берілген.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне премьер-министр кеңсесінен – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпарат және коммуникациялар министрлігінен - ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету функциялары көшеді.

XS
SM
MD
LG