Accessibility links

Гаитиде "Мэтью" дауылынан мерт болғандар саны 840 адамнан асты


Гаитидегі "Мэтью" дауылынан кейінгі көрініс. 5 қазан 2016 жыл.
Гаитидегі "Мэтью" дауылынан кейінгі көрініс. 5 қазан 2016 жыл.

Гаитидегі «Мэтью» дауылынан құрбан болғандар саны 840 адамнан асқан. Ондаған адам хабарсыз кеткен. Өткен сейсенбіде болған табиғи апат салдарынан он мыңдаған адам баспанасыз қалған.

Жұма күні «Мэтью» дауылы жеткен АҚШ-тың Флорида штатында 800 мыңнан астам үй электр қуатынан ажырап қалған. Дауыл ошағындағы желдің екпіні сағатына 195 шақырымға жеткен.

Флоридадан кейін «Мэтью» Джорджияны басып өтіп, сенбіде Оңтүстік Каролина штатына жетеді. Аталған үш штаттың барлығында тұрғындар қауіпті жерден эвакуацияланған.

АҚШ президенті Барак Обама мен елдің өзге жетекшілері тұрғындарды билік орындарының нұсқауларын орындап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырған. Мамандардың пікірінше, бұл осы аймақта соңғы 118 жылдың ішіндегі ең алапат дауыл болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG