Accessibility links

Мәскеуде тұтқындалған украин журналисіне "шпионаж" айыбы тағылды


Ресейлік ФСБ қызметкерлері қолына кісен салынған украиналық журналист Роман Сущенконы (ортада) әкеле жатыр. Мәскеу, 3 қазан 2016 жыл.

Ресейлік ФСБ қызметкерлері қолына кісен салынған украиналық журналист Роман Сущенконы (ортада) әкеле жатыр. Мәскеу, 3 қазан 2016 жыл.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) тергеушілері жұма күні украиналық журналист Роман Сущенкоға «Шпионаж» бабы бойынша айып таққан. Бұл туралы қамаудағы журналистің адвокаты Марк Фейгинге сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлады. Роман Сущенко өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

«Укринформ» агенттігі тілшісі Роман Сущенконы ФСБ қызметкерлері Мәскеуде өткен аптада ұстаған. Сот оны екі ай мерзімге тұтқындауға шешім шығарған.

Ресейлік ФСБ Роман Сущенко - Ресейге «тыңшылық жасау» мақсатымен келген украиналық барлау қызметінің полковнигі деп мәлімдеген. Киев Сущенконың барлау қызметіне қатысы жоғын айтып, оны тұтқындауды «арандату» деп атаған. Украина Ресейден журналисті дереу босатуды талап еткен.

Мәскеуде тергеу абақтысында отырған Сущенкоға украиналық дипломаттар әзірше жолыға алмай отыр. Украина президенті Петр Порошенко жұма күні Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында украин консулдығы қызметкерлерінің тұтқындағы журналиспен жүздесуге рұқсат алғаны және онымен алдағы аптада кездесетіні туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG