Accessibility links

Керри: Сириядағы әуе шабуылдарын әскери қылмыс ретінде тексеру керек


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

Мәскеу мен Дамаскінің Сирияда бейбіт тұрғындар мен емдеу мекемелеріне жасаған әуе шабуылы әскери қылмыс ретінде тексерілуі қажет деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри жұма күні Вашингонда Франция сыртқы істер министрі Жан-Марк Эромен бірге өткізген баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, жұмаға қараған түні сириялық ауруханаларға берілген кезекті әуе соққыларынан 20-ға жуық адам мерт болып, 100 шақтысы жараланған.

– Ресей мен [сириялық] режим ауруханалар мен медициналық мекемелерді, балалар мен әйелдерді бомбалауды неліктен жалғастырып жатқанын әлемге түсіндірумен ғана шектелмеуі тиіс. Бұл іс-әрекеттер әскери қылмысқа жата ма деген тұрғыда мұқият тексеруді қажет етеді. Және оны жасағандар жауапкершілігін көтеретін болады. Бұл кездейсоқтыққа жатпайды, - деген Керри.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова АҚШ мемлекеттік хатшысының мәлімдемесін «пропаганда» деп атаған.

XS
SM
MD
LG