Accessibility links

Қазақстан француздың Areva атом компаниясымен келіссөз жүргізіп жатыр


Тайқоңырдағы уран кеніші шахтасында сары түсті зат құйылған ыдысты тексеріп тұрған мамандар. Оңтүстік Қазақстан, 5 маусым 2010 жыл. (Көрнекі сурет.)

Тайқоңырдағы уран кеніші шахтасында сары түсті зат құйылған ыдысты тексеріп тұрған мамандар. Оңтүстік Қазақстан, 5 маусым 2010 жыл. (Көрнекі сурет.)

Әлемдегі ядролық энергетика саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі – франциялық Аreva компаниясы мен Қазақстан арасында инвестиция салу мүмкіндігі туралы келіссөздер өтіп жатыр. Бұл туралы Франция өнеркәсіп министрлігінің ресми өкілі жұма күні мәлімдеді деп хабарлайды француз халықаралық радиосы (RFI).

Атом энергетика саласы үшін қондырғылар жасаумен айналысатын Areva компаниясының үлесін сатып алуға Қазақстанның уран өндіретін ірі кәсіпорыны «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы қызығушылық танытып отырғаны айтылады. Франциялық BFM Business телеарнасы қазақстандық делегация бейсенбіде Франция өнеркәсіп министрлігінің өкілдерімен кездескені туралы хабарлады.

Франция өнеркәсіп министрлігінің ресми өкілі Reuters агенттігіне Areva компаниясы келіссөз жүрігізіп жатқан бірнеше инвесторлардың арасында Қазақстан да бар екенін растаған. «Әзірше бұл келіссөздер ғана, қандай да бір қорытынды жасауға әлі ерте» деген ол.

Areva компаниясы бұл келіссөздер туралы түсініктеме беруден бас тартқан.

Франциялық Areva компаниясы Қазақстанда 1996 жылдан бері жұмыс істеп жатыр. Оңтүстік Қазақстандағы «Мойынқұм» уран кенішін игеріп жатқан «Катко» бірлескен кәсіпорыны акцияларының 51 пайызы Areva компаниясының, 49 пайызы - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы еншісінде.

XS
SM
MD
LG