Accessibility links

Қазақстанда алдағы жылдан бастап сигареттің бағасы қымбаттайды


«Темекі түтінінен азат Қазақстан» ұлттық коалициясы 2015 жылы үкіметті темекі мен алкоголь өнімдеріне акцизді 49 пайызға өсіруге шақырған. (Көрнекі сурет.)

«Темекі түтінінен азат Қазақстан» ұлттық коалициясы 2015 жылы үкіметті темекі мен алкоголь өнімдеріне акцизді 49 пайызға өсіруге шақырған. (Көрнекі сурет.)

Қазақстанда 2017 жылдан бастап бөлшек саудада сигареттің ең төменгі бағасы 300 теңге болып белгіленеді. Бұл туралы үкімет қаулысына премьер-министр жұма күні қол қойды деп хабарлайды Қазақпарат.

Биыл қаңтардың 1-інен бастап бөлшек саудада сигареттің ең төменгі бағасы 240 теңге мөлшерінде белгіленген.

Бұған дейін ұлттық экономика министрлігі елде алкоголь және темекі өнімдеріне акциздің біртіндеп қымбаттайтыны туралы хабарлаған. Алдағы жылдан бастап бір литр алкоголь өніміне 2 мың теңге болып белгіленген акциз бағасы 2019 жылы 2550 теңгеге жетеді. Сонымен бірге аталған мерзім аралығында бір литр сыраға акциз бағасы 39 теңгеден 57 теңгеге дейін, ал мың дана сигаретке 6200 теңгеден 8700 теңгеге дейін көтеріледі.

2015 жылы «Темекі түтінінен азат Қазақстан» ұлттық коалициясы үкіметті темекі мен алкоголь өнімдеріне акцизді 49 пайызға өсіруге шақырған болатын.

XS
SM
MD
LG