Accessibility links

Грузияда бүгін парламент сайлауы өтіп жатыр


Грузиядағы сайлау. 8 қазан 2016 жыл.
Грузиядағы сайлау. 8 қазан 2016 жыл.

Грузияда бүгін таңертеңгі сағат сегізден басталған парламент сайлауына дауыс беруге елде үш жарым миллионнан астам азаматтың құқығы бар. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, сайлаушылардың елеулі бөлігі кімге дауыс беретіні туралы түпкілікті шешім қабылдамаған.

Биліктегі «Грузия арманы – Демократиялық Грузия» партиясының негізгі бәсекелесі бұл жолы да «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясы болады деген болжам бар. Оппозициялық партия 2012 жылға дейін Грузияда билікте болған.

Парламентке өту үшін партия бес пайыздан астам дауысқа ие болуы шарт. Ал мажоритарлық жүйе бойынша сайлауға түскен кандидаттар алғашқы турда жеңіске жетуі үшін сайлаушылардың жартысынан көбінінің қолдауына ие болуы қажет.

Грузиядағы парламент сайлауының барысын мыңдаған жергілікті бақылаушылармен қоса халықаралық ұйымдардан бір жарым мың адам қадағалайды.

XS
SM
MD
LG