Accessibility links

Ресей БҰҰ ҚК қарауына Сирия жайлы балама қарар жобасын енгізді


БҰҰ-дағы Ресейдің тұрақты өкілі Виталий Чуркин.
БҰҰ-дағы Ресейдің тұрақты өкілі Виталий Чуркин.

Алепподағы ахуалға қатысты Франция әзірлеп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсынған қарар жобасынан кейін Ресей де Қауіпсіздік кеңесі қарауына Сирия бойынша балама қарар жобасын енгізді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Мәскеу қарар жобасында БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистураның Алеппоның оңтүстік бөлігінен «Джебхат-әл-Нусра» экстремистік ұйымының қарулы топтарын шығару туралы ұсынысына қолдау танытқан. Бұған дейін БҰҰ-дағы Ресейдің тұрақты өкілі Виталий Чуркин Мәскеу Алеппоға қатысты Франция ұсынған қарар жобасын сол қалпында қабылдауға қарсы екені туралы мәлімдеген. Ресейлік дипломаттың сөзінше, Франция ұсынған қарар жобасының мақсаты вето қою құқығын қолдануға «Ресейді арандатуды» көздейді.

Жұма күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мистураның ұсынысымен өзінің келісетінін, бірақ көтерілісшілер бұдан былай «терроршылармен» ынтымақтаспайтыны туралы міндеттеме алсын деген талап қойған. Лавров егер Мәскеудің талабы орындалатын болса, онда «Әл-Нусра майданы» жасағын қару-жарағымен қоса эвакуациялауға келісім беруге көндіру үшін Башар Асадқа қысым жасауға дайын екені туралы мәлімдеген. Бұл туралы француз халықаралық радиосы хабарлаған.

Франция әзірлеген қарар жобасында Алепподағы атыс-шайқасты толық тоқтатып, қаланың үстімен ұшақтардың ұшуына тыйым салуды көзделген.

XS
SM
MD
LG