Accessibility links

Дональд Трамп сайлаудан бас тартпайтынын мәлімдеді


АҚШ президенттігіне республикалық партиядан кандидат Дональд Трамп. Невада штаты, АҚШ, 5 қазан 2016 жыл.
АҚШ президенттігіне республикалық партиядан кандидат Дональд Трамп. Невада штаты, АҚШ, 5 қазан 2016 жыл.

АҚШ президенттігіне республикалық партиядан кандидат Дональд Трамп өзін сайлау додасынан өз еркімен шығуға шақырып жатқан партияластарының үндеуіне қарамастан сайлаудан бас тартпайтынын мәлімдеді.

The Washington Post басылымы қазанның 7-і күні Трамптың осыдан 11 жыл бұрын әйелдер туралы анайы мазмұндағы сөздерін жариялаған соң оны қолдаудан бас тартқан республикалық партия қатарындағы саясаткерлер саны көбейе түсті.

Бұған дейін сенбі күні Дональд Трамп өз сөзі үшін кешірім сұрап мәлімдеме жасаған. «Егер мен әлдекімнің ренішін тудырсам, кешірім сұраймын» деді ол. Сонымен бірге Трамп осы сайлаудағы өзінің бәсекелесінің күйеуі, АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның «әйелдерге қатысты нашар қылықтарын» сөзіне қосып сөйледі.

Демократиялық партиядан президенттікке кандидат Хиллари Клинтон саяси бәсекелесін адамды жынысына бола кемсітеді (сексизм) деп айыптап, мұндай кісінің президент болуына жол беруге болмайды деп жазды Twitter желісіндегі парақшасына.

Соңғы жүргізілген әлеуметтік сауалнама көрсеткіштері бойынша, Клинтон Трамптан 5 сатыға жоғарылаған.

Бәсекелес екі кандидаттың қатысуымен қазанның 9-ында екінші рет теледебат өтпекші.

АҚШ президенті сайлауында кімнің жеңіске жететіні қарашаның 8-і күні өтетін дауыс беруден соң белгілі болмақ.

XS
SM
MD
LG