Accessibility links

БҰҰ ҚК отырысында Ресей Алеппоға қатысты қарарға вето қойды


БҰҰ ҚК отырысында Франция әзірлеген қарар жобасына Ресей мен Венесуэла өкілдері қарсы дауыс беріп отыр. Нью-Йорк, 8 қазан 2016 жыл.

БҰҰ ҚК отырысында Франция әзірлеген қарар жобасына Ресей мен Венесуэла өкілдері қарсы дауыс беріп отыр. Нью-Йорк, 8 қазан 2016 жыл.

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысында Сирияның Алеппо қаласының үстімен әскери ұшақ ұшуына тыйым салуды көздейтін қарар жобасына вето қойды.

Франция әзірлеп, АҚШ пен Ұлыбритания қолдау білдірген қарар жобасын қабылдауды Қауіпсіздік кеңесінің 11 мүшесі жақтап, екеуі қалыс қалды, ал Ресей мен Венесуэла қарсы дауыс берді. Ресей БҰҰ ҚК-нің тұрақты болғандықтан оның қарсылығы вето күшіне ие.

Қарар жобасы қаралар алдында Франция президенті Франсуа Олланд құжаттың қабылдануына тосқауыл қойған Қауіпсіздік кеңесі мүшесі бүкіл әлем алдында беделінен жұрдай болады деп мәлімдеген.

Ресей Сирия бойынша өзі әзірлеген балама қарар жобасын енгізді. Онда Алеппоның шығыс бөлігінен қарулы исламшыларды шығару көзделген. Бірақ Қауіпсіздік кеңесінде Ресейдің ұсынысы қолдау таппады: тоғыз ел қарсы дауыс беріп, төртеуі қолдады, екеуі қалыс қалды.

Халықаралық қауымдастық Алеппоның көтерілісшілер бақылауындағы шығыс бөлігіндегі тұрғын аудандар мен ауруханаларды Сирия үкіметі мен Ресей әскери ұшақтарының бомбалауын әлденеше рет сынаған. Әуе шабуылдарының үдеуінен бейбіт тұрғындар арасында құрбандар саны күрт көбейіп кеткен.

XS
SM
MD
LG