Accessibility links

Грузияда билік партиясы парламент сайлауында жеңіске жеткенін жариялады


Билік партиясын қолдайтындар парламент сайлауындағы жеңіске шаттанып тұр. Тбилиси, 8 қазан 2016 жыл.

Билік партиясын қолдайтындар парламент сайлауындағы жеңіске шаттанып тұр. Тбилиси, 8 қазан 2016 жыл.

Грузия парламенті сайлауының ресми алдын ала нәтижесі қазанның 9-ы күні жарияланады деп күтіліп отыр.

Сенбі күні биліктегі «Грузия арманы – Демократиялық Грузия» партиясы өз есебіне жүгініп, сайлауда жеңіске жеткенін жариялаған. Партияның есебі бойынша, оған сайлаушылардың 58 пайызы қолдау білдірген.

Бұған дейін таратылған экзит-пол нәтижелерінің көрсеткіштері бір-бірінен өте алшақ болып шықты.

Сайлау өткен күні сайлау учаскелері жанында TNS Opinion компаниясы жүргізген сауалнама нәтижелері бойынша, биліктегі «Грузия арманы – Демократиялық Грузия» партиясына сайлаушылардың 54 пайызға жуығы дауыс берген. 19,5 пайыз дауыс жиған бұрынғы президент Михаил Саакашвилидің «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясы екінші орында тұр. Ал «Патриоттар альянсы – Біріккен оппозиция» сайлау блогына сайлаушылардың 5 пайызы сенім танытқан.

GfK компаниясы жүргізген экзит-пол қорытындысы бойынша, билік партиясы сайлаушылардың 40 пайызға жуығының қолдауына ие болса, Саакашвили партиясы 33 пайызға жуық, «Патриоттар альянсы» - 6 пайыздай дауыс жиған.

Алдын ала мәлімет бойынша, дауыс беруге жалпы сайлаушы санының 52 пайыздан астамы қатысқан.

Грузия парламентінің 150 депутаты 4 жыл мерзімге сайланады.

XS
SM
MD
LG