Accessibility links

АҚШ-та «Мэтью» дауылынан 12 адам мерт болған


«Мэтью» дауылы.

«Мэтью» дауылы.

АҚШ-тың Флорида, Джорджия және Солтүстік Каролина штаттарында «Мэтью» дауылы салдарынан 12 адам опат болған.

Сенбі күні екпіні аздап бәсеңдеген «Мэтью» дауылы Оңтүстік Каролинаға жеткен. Дауыл ошағындағы желдің жылдамдығы сағатына 200 шақырымнан 120 шақырымға дейін төмендеген. Бірақ мамандар дауылдың бұрынғысынша қауіпті екенін айтады.

Бұған дейін Гаитиде кемінде 870 адамның өмірін қиған бұл дауыл Атлант мұхиты арқылы АҚШ жағалауына жұма күні келіп жеткен. 2007 жылдан бері осы аймақтағы ең қатты дауылға айналған «Мэтью» нысандарды қиратып, тасқын ала келді.

Апат салдарынан АҚШ-тың үш штатында бір жарым миллион адам электр жарығынан ажырап қалған.

XS
SM
MD
LG