Accessibility links

Йеменде әуе шабуылынан 82 бейбіт тұрғын қаза болған


Йемен астанасындағы кезекті әуе шабуылынан кейін. (Көрнекі сурет.)
Йемен астанасындағы кезекті әуе шабуылынан кейін. (Көрнекі сурет.)

Йемен астанасы Сана қаласында жаназаға қатысып жатқан 82 адам әуе шабуылынан қаза тауып, 530-ден аса адам жараланған.

Батыс ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, әуе соққысын Йеменнің үкімет әскеріне қолдау танытатын Сауд Арабиясы жетекшілік ететін коалицияның әскери ұшақтары жасаған. Бірақ коалиция өкілдері әуе шабуылға қатысы жоғын мәлімдеген.

Халықаралық қауымдастық мойындаған Йемен үкіметі елдің тек бір бөлігін ғана бақылауында ұстап отыр. Үкімет әскері оңтүстікте радикалды жихадшыларға қарсы, ал солтүстік пен батысында шииттік көтерілісшілер - хуситтердің қарулы жасағымен шайқас жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG