Accessibility links

Венгрияда солшыл бағыттағы ірі басылым жабылды


«Непсабадшаг» газетінің 2011 жылғы қаңтардың 3-індегі санында шыққан мақала «Венгрияда баспасөз еркіндігінің дәурені аяқталуға» деп аталған. (Көрнекі сурет.)

«Непсабадшаг» газетінің 2011 жылғы қаңтардың 3-індегі санында шыққан мақала «Венгрияда баспасөз еркіндігінің дәурені аяқталуға» деп аталған. (Көрнекі сурет.)

Будапеште екі мыңға жуық адам елдегі солшыл бағыттағы негізгі басылым – «Непсабадшаг» газетін жабуға қарсылық білдіріп, елде баспасөз бостандығына қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді. Газеттің меншік иелері қаржы қиындығына тап болғандықтан басылымды жабуға мәжбүр болып отырғандарын айтады.

Австрияда орналасқан медиахолдинг иелігіндегі газеттің тираж саны азайып, 17 миллион еуроны құрайтын шығынға батқандықтан оны жабу туралы шешім қабылданғанын хабарлаған. Меншік иелері басылымның концепциясын қайта қарайтындарын айтқан.

Венгриялық азаматтық белсенділер газетті премьер-министр Виктор Орбан басқаратын оңшыл бағыттағы үкіметті сынаған мақалаларына байланысты жаппақшы деп санайды. «Непсабадшаг» басылымының бас редакторы Андраш Мураньи баспа үйімен жағдайды реттеу туралы келіссөздер өткізіп жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG