Accessibility links

Минскіде балта және арамен жасалған шабуылдан бір адам қаза болған


Минскіде балта және арамен шабуыл жасалған «Еуропа» сауда орталығы алдында тұрған құқық қызметкерлері. 8 қазан 2016 жыл.
Минскіде балта және арамен шабуыл жасалған «Еуропа» сауда орталығы алдында тұрған құқық қызметкерлері. 8 қазан 2016 жыл.

Сенбі күні кешкісін Минскідегі «Еуропа» сауда орталығында балта және бензинмен істейтін арамен жасалған шабуыл салдарынан бір әйел қаза тауып, тағы бір әйел жараланған деп хабарлады Азаттықтың Беларусь қызметі.

Беларусь билік өкілдері қылмысқа күдікті ретінде екі ер адам ұсталғаны туралы хабарлаған. Кейін ұсталған жалғыз күдікті - 18 жастағы минскілік жігіт деген ақпарат тарады. Оның аты-жөні айтылмайды.

«Интерфакс» агенттігінің Минск ішкі істер басқармасының бастығы Александр Барсуковқа сілтеме жасап хабарлауынша, әуелі арамен жасалған шабуылдан жараланған әйел көп ұзамай қаза болған. Онан соң қылмыскер өзі гитараның қабына салып әкелген балтамен тағы бір әйелдің денесіне жарақат түсірген. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілген.

Тергеу орындары қылмыстың себебін анықтап жатыр.

XS
SM
MD
LG